Белгілі спорт журналисі өмірден озды

14628
Adyrna.kz Telegram

Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітхан қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қаралы хабарды әріптесі Ардақ Айбарұлы жеткізді.

«Бұл ажал дегенге шара бар ма? Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан ағамыздан айырылып қалдық. Мына аты жаман індет ешкімді аямады-ау. Не дерімді білмей отырмын. Дүние - жалған деген осы. Отбасы, туған-туыс, дос-бауырларына қайғыра көңіл айтамын. Иманды болыңыз, жездеке!»– деді ол.

Амангелді Муатқанұлы Сейітхан 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан «Қазақстан ТРК-ның» «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары. "Құмсағат" бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылдан "Хабар" агенттігінде жұмыс жасайды. Футболдан "Франция-98" Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).

«Адырна» ұжымы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады.

 

Пікірлер