Шымкент сәулеті шахмат пішінімен толықты

111

Шымкентте халықаралық шахмат күніне орай ескерткіш ашылды. Орталық саябақта орнатылған шахмат фигурасының биіктігі - 3 м, салмағы - 4 тонна. Сәулетті мүсінді «Шымкент - Қазақстанның шахмат астанасы» атануына орай «Black Rock Business» ЖШС-і өкілі Бауыржан Мырзатаев Шымкент қаласына сый ретінде тарту етті.

«Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» атану сәтінде қаламызда оны айғақтайтын арнайы ескеркіштің болуы маңызды. Жергілікті тұрғындар мен шахмат жанкүйерлері үшін Орталық саябақ негізгі орынға айналып үлгерген. Сондықтан шахмат фигурасына осы орын таңдалып алынған. Сондай-ақ, бүгін Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионаты бастау алды. Спорттық сайыстың басты мақсаты - халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру.  Көптеген халықаралық додаларда Әнұранымызды шырқата білген алғашқы гроссмейстерлер Ринат Жұмабаев, Гүлісхан Нахбаева және Жансая Әбдімәлік, Гүлмира Дәулетова Шымкент қаласының тумасы. Сондай-ақ Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент мектептерінде шахмат ойыны енгізілді. Өңірлерде шахматты көпшілікке насихаттау- бүкіл елдің шахматшыларының шығармашылық байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

Пікірлер
Редакция таңдауы