Елордалық алаяқ экономисті 3 миллион теңгеге алдап кетті

2960
Adyrna.kz Telegram

Алаяқ қыз 3 миллион теңгеге ақтөбелік экономисті алдап кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 2020 жылдың тамызында Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны бизнестен үлес қосамын деген желеумен ақтөбелік мұнай компанияларының бірінің экономисіне тиесілі 3 миллион теңгені иемденіп алған.

Сонымен қатар, тағы бір іс анықталды. 43 жастағы әйел полицейлерге жүгініп, мамыр айының соңында танысы оны алдап кеткенін айтты: құрылыс материалдарын жеткізуге уәде етіп, 3 миллион теңге көлеміндегі қаржыны жымқырған. Алайда, жәбірленуші сол күйі құрылыс материалдары мен ақшасын алмаған.

Осы фактілер бойынша, бапқа сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 -бабы «Алаяқтық».

"Азаматтардың көпшілігі пайда табуды көздеп, қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытады. Мұндай жағдайларда азаматтар өте мұқият болуы керек, нотариалды куәландырусыз қаражатқа сенбеу керек", - деді Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер