Елордалық алаяқ экономисті 3 миллион теңгеге алдап кетті

4389
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/izobrazhenie_2021-08-11_151757.png
Алаяқ қыз 3 миллион теңгеге ақтөбелік экономисті алдап кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Полицияның мәліметінше, 2020 жылдың тамызында Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны бизнестен үлес қосамын деген желеумен ақтөбелік мұнай компанияларының бірінің экономисіне тиесілі 3 миллион теңгені иемденіп алған. Сонымен қатар, тағы бір іс анықталды. 43 жастағы әйел полицейлерге жүгініп, мамыр айының соңында танысы оны алдап кеткенін айтты: құрылыс материалдарын жеткізуге уәде етіп, 3 миллион теңге көлеміндегі қаржыны жымқырған. Алайда, жәбірленуші сол күйі құрылыс материалдары мен ақшасын алмаған. Осы фактілер бойынша, бапқа сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 -бабы «Алаяқтық».
"Азаматтардың көпшілігі пайда табуды көздеп, қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытады. Мұндай жағдайларда азаматтар өте мұқият болуы керек, нотариалды куәландырусыз қаражатқа сенбеу керек", - деді Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов.

"Адырна" ұлттық порталы

评论