2050 жылға қарай халық саны 25 миллионнан асады

3899
Adyrna.kz Telegram

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы аясында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан бойынша 2050 жылға дейін ұзақмерзімді демографиялық болжам дайындады.

Статистикалық деректер мен модельдеу негізінде сарапшылар 2030 жылға қарай жұмыс күшінің саны 9,7 млн адамға жетіп, 2040 жылы бұл көрсеткіш 10,7 миллионды құрайды, ал 2050 жылға қарай 11,4 миллионға дейін өседі деп есептейді.

Бұл ретте, болжамдық негізгі сценарий бойынша 2030 жылға қарай ел халқы шамамен 20,7 млн адамды құрайды, 2040 жылға қарай аталған көрсеткіш 22,9 млн адамға дейін жетіп, ал 2050 жылға қарай 25,5 млн адамға дейін өседі деп күтілуде.

«Болжамға сәйкес 2030 жылға қарай туудың жоғары деңгейі мен халықтың қартаюына байланысты жұмыс күшінің халыққа пайыздық қатынасы 46,7%-ға дейін төмендейді. Бұл экономикалық белсенді халыққа жүктеме өсетінін білдіреді», – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер