Атырауда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

1668
Adyrna.kz Telegram

70-ке жуық медицина қызметкері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бүгінде Атырау облысында 6575 медицина қызметкері бар , оның 1479-ы  – дәрігер, 5096-ы орта және кіші буын қызметкерлері.

Пандемия  кезінде олардың барлығы коронавирустық инфекциямен күресуге өз үлестерін қосты.

– Әлемдік пандемия кезінде  «қызыл» аймақта жұмыс істеп күш-жігерін аямаған  дәрігерлердің ,ақ халатты абзал жандардың жанқиярлығы мен батылдығына куә болдық.  Сіздер мыңдаған отбасылардың қайта қауышуына, бақытты болашаққа үміт сыйладыңыздар. Сіздерге зор денсаулық тілей отырып, кәсіби мереке қарсаңында шын жүректен құттықтауға  рұқсат етіңіздер!– деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Салтанатты шара барысында 13 медицина қызметкеріне облыстық мәслихаттан, 18 медицина қызметкеріне облыс әкімінің атынан, 12 адамға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен алғыс хаттар табысталды.

13 дәрігер мен медбике Денсаулық сақтау саласындағы үздік қызметкерлер атанса, 14 адам денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамоталарымен, 8-і Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер