Алматы облысында тик-ток қосымшасы арқылы суретшілер вакцинациялауға шақырады

2227
Adyrna.kz Telegram

Облыстың талантты суретшілері өз шығармашылығы арқылы вакцинацияның адам өміріне қалай әсер ететінін көрсетті. Олар танымал Тик-ток алаңында вакцинацияға шақыру туралы суреттерін жариялап әлем желіге жүктеді.

Суретшінің бірі Еркеғали Иманғали. Айтуынша, қазір ешкім қорғанудан шет қалмауы керек.
- Ауру көптеген адамдардың өмірін қиды, менің ойымша, біз бәріміз біріккенде ғана осы қорқынышты вирусты жеңе аламыз. Біз өз суреттеріміз арқылы вакцинацияланбаған адамның КОВИДТІ жұқтыру қаупі үлкен екенін көрсетеміз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында соңғы 2 аптада індеттің өсу қарқыны 0,8% - дан 1,0% - ға дейін жетті.

Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 300 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны-0,9%. Оның ішінде 266 симптомдық және 34 симптомсыз жағдай. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың КВИ анықталған жағдайлары - 49, оқушылар арасында 30 және студенттер арасында 3 жағдай.

6 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында барлығы КВИ зертханалық расталған 33 959 жағдай тіркелген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер