Алматы облысында тик-ток қосымшасы арқылы суретшілер вакцинациялауға шақырады

2211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/b7ba6acc-d297-4e03-8784-ea1b4d9ecfe6.jpeg
Облыстың талантты суретшілері өз шығармашылығы арқылы вакцинацияның адам өміріне қалай әсер ететінін көрсетті. Олар танымал Тик-ток алаңында вакцинацияға шақыру туралы суреттерін жариялап әлем желіге жүктеді.
Суретшінің бірі Еркеғали Иманғали. Айтуынша, қазір ешкім қорғанудан шет қалмауы керек. - Ауру көптеген адамдардың өмірін қиды, менің ойымша, біз бәріміз біріккенде ғана осы қорқынышты вирусты жеңе аламыз. Біз өз суреттеріміз арқылы вакцинацияланбаған адамның КОВИДТІ жұқтыру қаупі үлкен екенін көрсетеміз", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында соңғы 2 аптада індеттің өсу қарқыны 0,8% - дан 1,0% - ға дейін жетті. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалады. Соңғы тәулікте КВИ 300 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны-0,9%. Оның ішінде 266 симптомдық және 34 симптомсыз жағдай. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың КВИ анықталған жағдайлары - 49, оқушылар арасында 30 және студенттер арасында 3 жағдай. 6 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында барлығы КВИ зертханалық расталған 33 959 жағдай тіркелген.
Comments
Other materials