ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Путин Сталинді жағымды тұлғаға айналдырды

1865
Adyrna.kz Telegram

Путин билік басында болған жиырма жылда қанішер Сталиннің бейнесі жағымсыз кейіпкерден жағымды кейіпкерге айналған. Сталинге ескерткіш орнату жөніндегі бастама әсіресе жастар арасында, 2010 жылғы 12%-тен 2021 жылы 50%-ке дейін қолдау тапқан.

Бұл аса қауіпті көрсеткіш. Өсіп келе жатқан балаларымыз бен немерелеріміз бар. Мұндай көрсеткіш одан әрі өсе беретін болса, біздің тәуелсіздігімізге аса қатерлі қауіп төніп тұр деген сөз. Оның үстіне Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың басым бөлігі расымен де әлден РФ азаматтығын алып алған болса. Мақтабастарға қарсы күресіп жүрген ұлтшыл батырымыз Марғұлан Боранбайды түрмеге салып қойып отырған біздер шынымен де біткен халық болғанымыз ба? Украинаға тісі батпай сәл кідіріп тұр, әйтпесе баяғыда-ақ жұтылып кететін ретіміз бар.

Пікірлер