Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары жүйелік негізде пара алғаны және бизнесті қорғағаны үшін мониторингтік топ мүшелерінің ұсталғанынан кейін жұмыстан босатылды

2520
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тергеу басқармасының іс жүргізуінде "Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшысы мен бөлімнің бас маманына қатысты ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 2, 4-тармақтары бойынша пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, осы бөлімнің басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, "Covid – 19" коронавирустық инфекциямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жүйелік негізде қаланың рестораторларынан және оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамағаны үшін сауда өкілдерінен 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған пара сомасын берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Қылмыстық іс аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Талдықорған қаласы әкімдігінде қала әкімінің қатысуымен кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша алдын алу шараларды қабылдау мақсатында, сондай-ақ осы бағыттағы тиісті бақылаудың болмағаны үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С. Арзанбекова жұмыстан босатылды.

Қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер