Токио Олимпиадасы: 4 тамызда жарыс жолына кімдер шығады?

2062
Kazakhstan's Kamshybek Kunkabayev (blue) and Egypt's Yousry Rezk Mostafa Hafez shake hands after their men's super heavy (over 91kg) preliminaries round of 16 boxing match during the Tokyo 2020 Olympic Games at the Kokugikan Arena in Tokyo on July 29, 2021. (Photo by Luis ROBAYO / POOL / AFP) (Photo by LUIS ROBAYO/POOL/AFP via Getty Images)

Токио Олимпиадасы аяқталуға жақын. 4 тамызда Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев финалға берілетін жолдаманы алу үшін америалық Ричард Торреспен жұдырықтасады.

Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ол Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:20-да басталады деп жоспарланып отыр.

4 тамызға арналған кесте:

Байдарка мен каноэде есу, әйелдер. Жекелей сын (уақыты  07:12), 200 метр – Маргарита Торлопова. «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жекелей сын. 500 метр 07:47. Наталья Сергеева «Хабар» арнасы көрсетеді.

Еркін күрес. Ерлер, 57 келі. 1/8 финал 08:30. Нұрислам Санаев - Диамантину Иуна Фафе (Гвинея-Бисау) «Qazaqstan» арнасы көрсетеді.

Бокс. Ерлер, 91 келіден жоғары. Жартылай финал 12:18. Қамшыбек Қоңқабаев - Ричард Торрес (АҚШ) «Хабар» арнасы көрсетеді.

Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу 12:30. Сергей Пономарев. «Qazsport» арнасы көрсетеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы