Коронавирус штаммының барлық түрінен қорғайтын спрей шығарды

8586
Adyrna.kz Telegram

Эстониялық ғалымдар коронавирус штаммының барлық түрінен қорғайтын спрей жасап шығарды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Рostimees.ee-ге" сілтеме жасап.

«Зертханалық зерттеулер мұрын спрейі Ухань штаммынан да, үнділік "дельта" штаммынан да, британдық, оңтүстік африкалық және бразилиялық штаммдардан да қорғайтынын көрсетті», - делінген хабарламада.

Icosagen гендік инженерия компаниясының ғылыми директоры Март Устав зертханалық зерттеулер  мұрын спрейінің коронавирустың барлық штамдарынан бірдей жақсы қорғайтынын растағанын жеткізді.

ДДҰ мәліметтері бойынша дельта штаммы қазіргі уақытта Эстонияда көп таралуда.

Спрейді әзірлеушілердің айтуынша, BioBlock - бұл эстондық инновациялық өнім, оның концепциясын профессор Марта Уставтың жетекшілігімен Icosagen зерттеушілері жасаған.

Жуырда BioBlock өнімі шығарылып, сатылымға қойылмақ.

 

Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер