Ұлыбританияда танымал дизайнер 1500 бетпердеден қалыңдық көйлегін тіккен деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "korrespondent.net" сайтына сілтеме жасап.
Ұлыбританияда той жасауға енгізілген шектеудің алынуына байланысты ерекше қалыңдық көйлегі тігілген. Оны дизайнер Том Сильвервуд, модель Джемайма Хамбро таныстырған.
Көйлікті тігу үшін 1500 қайта өңделген бетперде қолданылған. Сонымен қатар, дизайнер осы "туындысы" арқылы қоршаған ортаның ластану проблемасын көрсеткісі келген.
БАҚ-тың мәліметінше, Ұлыбританияда апта сайын бір реттік қолданылатын 100 миллион бетперде қоқысқа кетеді.
"Біз Ұлыбританияда енді үйлену тойлары ешқандай шектеусіз өтетініне қуаныштымыз", - дейді Hitched журналының редакторы Сара Аллард.
Айта кетейік, Ұлыбритания үйлену тойын өткізуге қатысты барлық шектеулерді алып тастаған. Шотландия болса, тек 200 адамның қатысуымен ғана той өткізуге рұқсат беріпті.
"Адырна" ұлттық порталы.