Коронавирус: жансақтау бөлімінде жатқан жандар саны өте көп

590

Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штабтың кеңесі өтті, деп хабарлайды ЭК.

Бүгінде Алматыда covid-19 жұқтырғандар саны 86 мыңнан асқан. Соңғы тәулікте тіркелгендер саны — 993 адам. Сонымен бірге, тәулік сайын 400-ден астам науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл емделіп шыққандар санынан 2 есе көп. Соңғы дерек бойынша 3099 пациент стационарда, ал реанимация мен интенсивті терапияда 228 науқас ем қабылдап жатыр.

Кеңеске қатысқан қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шілде айының басынан бері реанимация бөлімінде жатқан науқастар саны үш есеге артқанын, үй карантиніндегі пациенттер динамикасы (5821 науқас) өткен айда алты есеге өскенін атап өтті. Сондықтан тамыз-қыркүйек айларына арналған болжамды жағдайларды және қаладағы аурулардың қарқыны мен деңгейін ескере отырып, қалада резервтік инфекциялық төсектерге қажеттілікті анықтауды тапсырды.

Қолданыста 6 090 төсек-орын бар екенін және оларды пайдалануды бастау қажет екенін айтты.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар