Соғысқа дайындық: Рахмон әскерилер арасында жүр

3974
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 16 шілде күні Хатлон аймағына сапармен барды. Ол сапар барысында Пяндж бен Мир Саид Али Хамадони аудандарындағы әскердің соғысқа дайындығы мен әскери техниканың ұрысқа сай екендігін тексерді. Ол шекарашылармен Ауғанстандағы тұрақсыздық мәселесін де талқылаған.

Пяндж ауданындағы әскери бекетке барып, 2 мың сарбазбен жеке кездесіп, олардың тұтқиылдан болуы мүмкін соққыға дайындықтарын тексерді. Тәжік басшысы бұл аймақта тек қана Тәжікстанның ғана емес, ТМД мен ЕО-ның да қауіпсіздігі күзетілетінін айтып, сарбаздарды қырағылыққа шақырды. Артынша Рахмон Мир Саид Али Хамадони ауданына барып, әскери техникалардың ұрысқа жарамдығын тексерді.

Президенттің келу құрметіне орай арнайы әскери шеру де ұйымдастырылды. Естеріңізде болса Ауғанстандағы жағдай ушығып, Талибан қозғалысы тұтастай тәжік-ауған шекарасын өз бақылауына алған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер