ENACTUS-кәсіпкерлік арқылы жақсы әлем құру бағытында чемпионат ұйымдастырылды

545

2021 жылдың 17-18 маусымында  Студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен Инновациялардың ұлттық кубогының және мектеп кәсіпкерлігінің II Республикалық чемпионатының финалы ұйымдастырылды.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO-бизнес және білім беру көшбасшылары алдында өздерінің әлеуметтік, экологиялық және экономикалық жобаларын қорғайтын 100-ден астам отандық жоғары оқу орындары мен мектептері үшін жылдың басты оқиғасы, ал үздіктердің үздігі ENACTUS әлемдік кубогында біздің елімізді таныстырады.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Интернаттан кейінгі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдау» жобасы аясында Кәсіптік – техникалық колледжінің 6 студенті қатысты. Буданов Дәлел, Тлеушев Руслан кәсіпкерлік арқылы жақсы әлем құру үшін студенттерді, академиялық және бизнес көшбасшыларын біріктіретін бағдарламаға өздерінің үлестерін қосатына сенімін білдірді.

Пікірлер
Редакция таңдауы