Қала әкімі қайта жаңғыртудан өткен Абай кітапханасының ашылуына қатысты

3004
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қайта жаңғыртудан өткен Абай атындағы қалалық орталық кітапханасының ашылу салтанатына қатысты.

Іс-шараға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры К.Пикат та арнайы келді.
Қала әкімі кітапхана аумағындағы оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залы, «Music and Art Community Space» залының жаңа жұмыс жүйесімен, кофехана, сондай–ақ, «Абай» муралының жұмыстарымен танысты.

Абай атындағы қалалық орталық кітапханада 2021 жылдың мамыр айында жаңғырту жұмыстары басталған еді. Жөндеу жұмыстары 19 маусым-қала күні мерекесі қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді.
Кітапханаға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.

Бүгінде Шымкент қаласында мәдениет нысандарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер