Облыс оқушылары үшін мүмкіндіктер

1383
Adyrna.kz Telegram

Қалалар мен аудандар білім бөлімдерінің басшылары 16 маусымда облыстың барлық өңірлерінен балалар оқитын облыс орталығының білім беру ұйымдарына барды. Өңірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  қойған қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту міндеті шешілуде.

«Озат» ақпараттық технологиялар лицейінде «IT-start» жазғы академиясының сабақтары қызу жүріп жатыр. Облыстың ауылдық өңірлерінен  келген 6 команда академияның 4 жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын, бағдарламалауды, робототехниканы біршама жақсарта алады және тәжірибелі педагогтармен сабақтарда 3-D модельдеумен айналыса алады.

Оқушылардың зерттеушілік және зияткерлік дағдыларын дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебінде қонақтарға инновациялық құрал-жабдықтары бар оқу кабинеттері мен тұрғын бөлмелері де көрсетілді. Бірнеше күн бұрын мектепті 125 түлек бітіріп шықты, оның үшеуі «Алтын белгі» белгісін алды.

Қостанай автомобиль көлігі колледжінде білім бөлімдерінің басшыларын тағатсыздана күтті, өйткені онда оқуға облыстың барлық өңірлерінен түлектер келеді, олар енді жайлы жаңа жатақханада тұра алады. ККАТ кәсіби бағдар беру жұмысының маңыздылығын жақсы түсінеді және заманауи жабдықтары бар шеберханалар мен зертханаларды қуана-қуана көрсетеді. Колледждің даму болашағы зор, өйткені ол «КАМАЗ» болашақ зауыттары үшін кадрлар даярлау базасы болып табылады.

 Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар да назардан тыс қалған жоқ. №2 Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінде ерекше балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтылды, жарқын, толық жабдықталған кабинеттер көрсетілді, интернатта тұратын шалғай аудандардағы балалардың түзеу көмегі курстарынан өту мүмкіндігін атап өтті.

Пікірлер