Мәскеуде 13 жастағы жасөспірім туған қарындасын терезеден лақтырып жіберген. Бұл туралы қалалық тергеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«11 шілде күні Мәскеудің Левобережная көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жанында жаңа туған қыздың денесі табылды»,– делінген хабарламада.
Марқұмды тексеру кезінде оның үлкен биіктіктен құлағаны анықталды.
Белгілі болғандай, жаңа туған нәресте үлкен ағасымен бірге бір бөлмеде қалған. Психикалық аурумен ауыратын 13 жастағы бала қарындасын терезеден лақтырып жіберген.
Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.
«Адырна» ұлттық порталы