Украина: Қырымды қайтарған соң, ресейліктерді қуып шығамыз

3526
Adyrna.kz Telegram

Оккупацияланған Қырымда қазіргі таңда 700 мыңнан астам ресейлік заңсыз тұрып жатыр. Украина билігі Қырымды қайтарғаннан кейін оларға не істейтінін ойластыруда. 

Украина билігінің ақпаратына сай Қырымда қазіргі таңда заңсыз түрде 700 мыңнан бастап 1 миллионға дейін ресейлік азаматтар заңсыз тұрып жатыр. Бұл туралы арнайы бағдарламада Украинаның вице-премьері Алексей Резников айтты. Қазіргі таңда Қырымда 2,5 миллион адам тұрады.

Резниковтың сөзінше министрлер кабинеті бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр, басым бөлігі депортациялауды қолдайтын көрінеді.

"Біздің бұл мәселеде позициямыз әртүрлі. Мен заңсыз тұрғандарды шығаруды құқық аясында іске асыруды қолдаймын. Егер олар Қырымға "Чонгар", "Каланчак" және "Чаплинка" арқылы кірмесе, яғни заңсыз кірген болса, онда оларды шығару керек. Кейбір жандар қуып шығу керекпіз дейді", — деді министр.

Бұған дейін президент офисін басқаратын Игорь Жовков Қырымдағы ресейліктерді шығармайтынын айтқан болатын. Оның сөзінше бұл адам құқығын таптау болып саналады.  

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер