Мигранттар мінген автобус өртеніп, 12 адам көз жұмды

2803
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Түркияның шығысындағы Ван провинциясындағы Мурадие аймағында заңсыз мигранттар мінген автобус апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Anadolu" агентігіне сілтеме жасап.

Апат болған провинцияда мигранттар Түркия шекарасынан заңсыз өтіп, ЕО елдеріне көшуге тырысқан.

Автокөлік апат салдарынан өртеніп кеткен. 12 адам көз жұмып, 20 адам жараланған.  Оқиға орнына Төтенше жағдайлар және апаттардың салдарын жою басқармасының қызметкерлері, полиция мен дәрігерлер жеткен. Жараланған адамдар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Иранмен шекаралас Ван провинциясы - Түркия шекарасынан заңсыз өтіп, ЕО елдеріне өтуге тырысқан Ауғанстан мен Пәкістаннан келген мигранттар үшін транзиттік аймақ.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер