Мамандар: Смартфондар қатерлі ісік тудырады

3231
Adyrna.kz Telegram

Смартфондарды 10 жыл ішінде үздіксіз пайдалану қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупін 60% -ға дейін арттырады  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мұндай таңқаларлық жаңа зерттеуді Берклидегі Калифорния университетінің мамандары қолға алған. Олар аталған даулы зерттеуде ұялы телефонның қолданылуы мен адам денсаулығына қатысты 46 түрлі зерттеуге статистикалық талдау жасаған.

"Олар он жыл бойы смартфонды 1000 сағат немесе күніне 17 минуттай пайдалану онкологиялық ісіктердің пайда болу қаупін 60%-ға арттыратындығын анықтады, стресс ақуыздарының түзілуі экстремалды жағдайда ДНҚ-ны зақымдайды, ісіктерді қоздырады және жасушаларды өлтіреді" — делінген "Daily Mail-де".

Берклидің мамандары АҚШ-тың, Швецияның, Ұлыбританияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның және Жаңа Зеландияның ұялы телефон байланысы мен тұрғындарының денсаулық жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін жүргізген зерттеулерін қарастырған.

Зерттеу авторы Джоэль Московицтің пайымдауынша, адамдар смартфондарды үзіліссіз қолдануды барынша азайтуы керек. Ұялы телефондарды пайдалану уақытын азайтып, оларды денеден аулақ ұстау керек және мүмкіндігінше қоңыраулар үшін стационарлық телефонды қолданған жөн. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер