Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөнінде тапсырма берген болатын.
Бұған дейін 10 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдаған. Бүгінгі таңда тізім тағы 10 университетпен толықты. Осылайша жоғары оқу орындарының ректорлары қазір күллі әлемде жүргізіліп жатқан вакцинация қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдап отыр.
Төменде студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға ынталандыру шараларын жүргізіп жатқан оқу орындарының тізімін ұсынамыз:
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (БҚУ)
"Тұран" Университеті
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (АрқПИ)
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (КТИУ)
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (ШҚУ)
Рудный индустриалдық институты (РИИ)
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (СҚУ)
Қарағанды индустриалдық университеті (ҚарИУ)
Павлодар педагогикалық университеті (ППУ)
Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ), НАРХОЗ университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (ҚазҰҚПУ) жыл басында вакцинациялауға ынталандыру бойынша нақты шаралар қарастырған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы.