Алматының оңтүстік-батысында ірі баллды жер сілкінісі орын алды

3447
Adyrna.kz Telegram

10 шілдеде таңертең Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы уақытымен таңғы сағат 8: 14-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 739 км жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.8.

MPV шамасы 6.4.
Эпицентрінің координаттары 38,66 ° N 70.50 ° E құрайды.
Тереңдігі 40 км.
Сезімталдық туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер