Үй гаражы туралы сіз білмеген таңқаларлық 35 дерек

2957
Adyrna.kz Telegram

Гараж - үйдегі ерекше жұмыс орындарының бірі. Әсіресе, ер адамдар үшін гараждың жөні бөлек. Сіз гараждар туралы шынымен не білесіз және оларды үй иелері іс жүзінде қалай пайдаланады? Біз гараждарды ұстау, оны жабдықтау туралы көптеген керемет фактілерді жинақтадық. Сонымен үй гаражы туралы таңқаларлық 35 деректі назарларыңызға ұсынамыз:

1. Impulse Research зерттеуі бойынша американдықтардың 55% -ы гаражда аптасына 1-2 сағат сүйікті хоббилерімен және басқа да жұмыстармен айналысады;

2. Орташа өлшемді үйдегі 2 автомобильге арналған гараж үйдің жалпы алаңының шамамен 13-15%-ын құрайды;

3. Үй иелерінің тек 11% -ы өздерінің гаражына риза екендіктерін және оны жақсартқысы келмейтіндіктерін айтқан (Wall Street Journal сауалнамасы);

4. Үй сатып алғанда, сатып алушылардың 80% -ы гараждың болуын қарастырады (Impulse Research сауалнамасы);

5. Гаражда өз ісін бастаған бес танымал компания: Apple, Amazon, Disney, Google және Harley-Davidson.

6. Моэн зерттеулері гаражды үйдегі ең жабдығы көп орын деп тапты. Ұлттық кәсіби ұйымдастырушылардың қауымдастығының тағы бір зерттеуі көрсеткендей, үй иелерінің 50%-ы гаражды үйінің ең ұйымдастырылмаған бөлігі деп атаған. Сондай-ақ көп адамдар гаражды «қоқыстардан құтылу» орны ретінде қабылдап, осы жерде көңіл көтеруге болатындығын жеткізген (Wall Street Journal сауалнамасы);

7. 50% -дан астам үй иелері алдағы екі жыл ішінде гаражын қайта құруды жоспарлап отыр (Peachtree Consulting сауалнамасы);

8. Гараж есіктері орташа есеппен күніне 3-5 рет ашылып-жабылады (жылына шамамен 1500 рет);

9. American Housing-тің зерттеуі көрсеткендей, АҚШ тұрғын үйлері мен пәтерлерінің 80% -ында автотұрақ немесе гараж бар. Канададағы Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер нәтижесінде канадалық жеке үйлердің жартысынан көбінде бекітілген гараж бар екендігі анықталды.

10. Үй иелерінің 52% -ы көршілері қызығатын гаражды қалайды (Томпсон зерттеуі).

11. Garage Living сауалнамасына қатысқан 1500 солтүстікамерикалық респонденттердің 20%-ы өз гаражына тұрақ қоя алмайтынын айтты. 1000 американдық арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, олардың 47% -ы өз гаражына көлік қою проблемасы бар екенін мойындаған;

12. Дезорганизация гараждағы 80% бұзушылықтың себебі болып табылады;

13. 2 көлікке арналған гаражы бар адамдардың 25% -ы оларда мүлдем тұрақтамайды. Басқалары тек бір машинаны қоя алады, себеп — гараждағы ұқыпсыздық (АҚШ Энергетика министрлігінің зерттеуі);

14. 1990 жылға дейін шыққан гараж тоңазытқышын немесе мұздатқышын пайдалану сіздің электр энергиясы қаржысына жылына 250-300 доллар қосуы мүмкін.

15. Wall Street Journal-да 900 үй иесіне жүргізілген сауалнамаға сәйкес, гараждардың тек 70% -ына ғана көлік қоюға болады.

16. Сауалнамаға қатысқан үй иелерінің 74% -ы гаражды көлік тұрағы ретінде қабылдайтынын айтқан (Wall Street Journal сауалнамасы);

17. Сауалнамаға қатысқан 500 риэлтордың 82%-ы дұрыс жиналмаған гараж әлеуетті үйлерге қарайтын адамдарға кері әсерін тигізетіндігін айтты (Braun Research сауалнамасы);

18. «Гараж» сөзі француздың «garer» сөзінен шыққан, "қорғау", "паналау" немесе "сақтау" дегенді білдіреді;

19. Үй иелерінің 24%-ы гараж есіктерін ашық қалдыруға ұялады (Impulse Research сауалнамасы);

20. Wall Street Journal сауалнамасына қатысқан 900 үй иесінің 25% -ы гаражды автокөліктерге қызмет көрсету үшін пайдаланады;

21. 55% үй иелері гаражды үйінің негізгі кіреберісі ретінде пайдаланады (Чемберлен тобының зерттеуі);

22. Риэлторлардың 90% -ы үй сатып алатын кез-келген адам гаражының жай тұрақтан гөрі функционалды болғанын қалайды деп санайды (Braun Research сауалнамасы);

23. 2 көлікке арналған орны бар гараж 2017 жылғы Garage Living сауалнамасында 1500 солтүстікамерикалық респонденттердің арасында ең көп таралған өлшем болды. Мәселен,  олардың 18% -ында гараж 1 автокөлік болса, 61% -да 2 көлікке, ал 22% -да 3 автокөлікке арналған.

24. Гараж есіктері үйдің қасбетінің үштен біріне дейін орналасуы мүмкін;

25. Біздің машиналар гаражда немесе тұрақта тұру уақыты 95%-ды құрайды;

26. АҚШ-тың Crescent Communities инвестициялық фирмасы жүргізген сауалнамаға сәйкес, үй иелерінің төрттен үш бөлігі гараждың болуы «өте маңызды» деп санайды;

27. Риэлторларға сауалнама көрсеткендей, гараждар үй сатып алушылар үшін жертөлелерден немесе шатырлардан гөрі қолайлы қойма болып саналады (Braun Research сауалнамасы);

28. Америкалықтардың шамамен 9% -ы сақтау орындарын жалға алады, дегенмен бұл үй иелерінің 65% -ында гараж бар (Self Storage Association статистикасы);

29. Гараждың алғашқы электрлік механизмі 1926 жылы ойлап табылды;

30. Үйді абаттандыру жобалары туралы айтатын болсақ, гараждың жаңа есіктері инвестицияның ең жақсы қайтарымын береді. Әдетте гараждың жаңа есігінің 80-90% төленеді.

31. Сауалнамаға қатысқан 500 риэлтордың 79% -ы гаражды жабдықтағанда, үйдегі басқа бөлмелер сияқты ол да назар аударуға лайықты деп таныған. Ал 88%-ы әрлеп, безендірілген гаражды ұстау үй иесінің көкірегін ерекше бір мақтаныш кернейтінін айтқан (Braun Research сауалнамасы);

33. Канадалық үй салушылар қауымдастығының зерттеуінше, 2 автокөлік тұратын гараж 12000 үй сатып алушы бағалаған 10 негізгі активтің бірі болған;

34. Адамдар гараждың заманауи есіктерін ашқанда ескі құрылғыларға қарағанда  75%  аз энергия жұмсайтынын жеткізген;

35. 1000 австралиялықтың арасында жүргізілген сауалнамада, олардың жартысынан аз бөлігі гараждарда жинақылықтың жоқтығынан бірқатар қиындықтарға тап болғандығын айтқан (Австралия институтының зерттеуі).

Осы 35 дерек сіздің өз гаражыңызды сәндеп, жабдықтауға, сондай-ақ оған басқаша көзбен қарауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Ендеше, сәттілік!

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер