Кеше әлемдегі ең ірі порттардың бірі — Дубайда контейнер кемесінде жойқын жарылыс болып, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сауда орталығында дүмпулер орын алған деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «centralasia.media-ға» сілтеме жасап.
Жарылыс Джебел-Али портындағы сыйымдылығы 130 контейнерге арналған шағын кемеде болған.
Өрт салдарынан Дубайдың түкпір-түкпірінде дүмпулер болған және жарылыс порттан 25 км радиуста сезілген. Жарылыстан кейін шамамен 2,5 сағат өткен соң Дубайдың азаматтық қорғаныс департаменті өртті бақылауға алғандықтарын және қазіргі уақытта өрт мәселесімен айналысып жатқандықтарын мәлімдеді.
Алдын ала мәліметтер бойынша жарылыстан зардап шеккендер жоқ.
Дубайдың солтүстігіндегі Джебел-Али порты бұл әлемдегі ең ірі жасанды терең су айлағы және Үнді субконтинентінен, Африка мен Азиядан келетін жүктерге қызмет көрсетеді. Порт — маңызды әлемдік жүк торабы ғана емес, сондай-ақ Дубай мен оның маңындағы әмірліктер үшін маңызды импортты тауарлар аймағы.
«Адырна» ұлттық порталы.