Павлодарлық полиция қызметкері өзіне қол жұмсады

2561
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында асылып қалған полицейдің денесі табылды. ПД мәліметінше, тәртіп сақшысы өзіне қол салған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«5 шілдеде сағат 23:40-та Ақсу қаласында өзін-өзі асып өлтірген полиция майорының денесі табылды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Павлодар облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жандос Орумбаев.

Қазіргі таңда полицейдің бұл әрекетіне не түрткі болғаны анықталуда.

«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады», – деді Орумбаев.

Басқа мәліметтер туралы әлі хабарланбады.

Айта кетсек, Тергеу жүргізіліп жатқан «Суицидке апару» бабы санкцияларында 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер