Еңбек ер атандырады

3229
Adyrna.kz Telegram

Нұрмахан Оразбек  1938 жылы  1желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы, Қандөз ауылында дүниеге келді. Ол өз қатарының  жүзден жүйрік журналисті, білікті баспагер, сөзі сүбелі жазушы. Бұған «Қасиеттісің, сен Отан!», «Қағажу көрген өмірден», «Бар айласы – бас пайдасы», «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы», «Шапық Шөкин» атты төл туындылары дәлел. Нұрмахан Оразбеков кім еді, қазір кім? Осы сұрақтың мазмұны  мен маңызын ашу үшін еңбек жолына көз жүгіртіп өтейік. Жастайынан   оқу-білімге құштар азамат бала күнгі арманын орындағысы келді.  Оқушы кезінен-ақ мақалалары жарық көре бастады. 1962 жылы   Қазақ   Мемлекеттік университетінің журналистика мамандығын тәмәмдәйді. Студент кезінде қолы босай қалса «Қазақ әдебиеті»газетіне бара беретін.Сол жерде жүріп шығармашылықта шыңдалды.   Ал кейін, оқуды бітірген  жылданн бастап   «Октябрь туы»,  «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газетінде тілшілікпен тіршілігін жалғастыра берді.

«Еңбек адамның көркі, Адам заманның көркі»-деген мақал бар. Тап бір Оразбековтың  бейнесін ашып тұрған сияқты. Оның бойында ешкімге ұқсамайтын керемет  қасиет бар екенін байқаймыз. Атамызды журналистика жолына әкелген осы болуы керек. Бала кезінде қатарластарынан ойлау қарқыны өзгеше болған ол,қолынан кітап тастамаған.  Міне,сол еңбегінің арқасында  сөз құдіретінің қаншалықты екенін сезінді.Сол себепті, Нұрмахан Оразбеков дегенде таңдана тыңдайсың. Ол студент кезінде-ақ үлкен ізденіспен жүрді.

Ал  бүгін де Қазақ әдебиеті сондай-ақ,  қазақ журналистикасында есімі дүркіреп тұр.

Баспасөз бетіне кезек-кезек шығып отырған мақаларының санына жету мүмкін болмады. Бұл оқуды жаңа бітірген студенттің мамандығына сүйіспеншілігі болса керек.

Ол байыппен сөйлейтін. Сөздің сиқын кетірген емес. Оның халық назарына ұсынған мақалалары – өзіндік образға ие.   Бұл жан-жақтылығы іспетті. Өз замандастары мен салыстырған күннің өзінде, Оразбековтың  жұмысы «ең жақсысы»  болып тұратын.

Терең ойға бататын көздерінің тұнықтығы сондай қараған жерден көз алмай қалатындығы  өткірлігін көрсетеді.Самайындағы ақ шаштың өзі,жүріп өткен жолының тарихы тәрізді.  Көп күлмесе де жүзінен жылулықты аңғаруға болады. Абырой үшін емес,ар үшін қызмет еткен Нұрмахан Оразбек атамыз қарапайым қалпын сақтай алды.

Қысқа ғұмырын  бір емес,  барша  қазаққа арнаған жазушының жарқ еткен жүзі қазақ журналистикасын қалыптастырып кетті. Ол қайталанбайтын мұра қалдырды. Ақиқатты айтты, сыпайы бола білді.

«Еңбегіне қарай өнбегі». Халық айтса қалып айтпайды. Ел алдында абыройы асқақ   атамыздың артында қалған еңбегі  қашан да құнды  боп қалады.

Өмірдің мынау бағынбас биік қамалын,

Отына күйіп ойыңды талай жазғансың

Өзіңнен оқып жалындап сосын жалын ап,

Өзіңе ұқсап бір жылы лебіз жазамын.

Сен кеткенде жұрт жылады егіліп,

Жоқтығыңды жүр ғой халық сезініп.

Тарихтағы тұлға деген атыңа,

Жазғым келді жүрек жырын төгіліп.

Батыры да батылы боп  еліңнің

Шоқтығына  шыға білдің сенімнің

Мықтыларды мойындау да  бір ерлік

Өзгелерден ерек ерік-жігерің...

Сен туған күн бірі еді  желтоқсанның,

Жұлдыз сонда көзін көкке жаққан мың.

Ата сенің өмірге келген күнің-

Құдай ақы, Қазаққа бақ қонған күн!


Жадыра БАҒАШАР,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

  журналистика факультетінің студенті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер