Ұстаздар жалған аттестациядан өткен

3217
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік ұстаздар біліктілігін арттыру үшін жалған аттестация жасатып, сертификатты сатып алған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "24.kz-ке" сілтеме жасап.

Өңірдегі 348 мұғалім 2018-2019 жылдары жеңіл жолды таңдап, өз санатын жоғарылатқан. Мемлекеттен төленетін үстемақыны да алып отырған. Өзге ұстаздар әріптестерінің бұл ісін құқық қорғау органдарына жеткізді. Кейін қаржы полициясының мамандары тестілеуден өткендердің тізімін жасақтап, Республикалық тест орталығына жүгінген.

Қаладағы жалпы 64 мектептің көптеген қызметкері тестке келмегені белгілі болды. Кейбірі сынақтан сүрінген. Олар жалған мөр басылған құжат сатып алған.

Мұғалімдердің 80%-ы екі жылдың ішінде алған үстемақыларын бюджетке қайтарып үлгеріпті. Енді олар қайтадан тест тапсырады. Ал сертификатты сатып, жеңіл жолды кәсіп еткендердің ісі қазір сотта қаралып жатыр.

– Мұғалімдердің жалған аттестациясына қатысты қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, алаяқтық үшін сот процесі жүріп жатыр, — дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер