Токио Олимпиадасының жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?

4320
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасында алтын медаль алған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Үкімет жарлығымен 2020 жылы Олимпиада жеңімпаздары мен олардың бапкерлеріне арналған әр спорт түрінен сыйақы мөлшері бойынша ереже қабылданған болатын. Осы ережеге сәйкес, бірінші орын алған спортшы мен оның бапкеріне 250 мың доллардан беріледі.

Бапкерлерге берілетін төлемақының 10 пайызы сол спортшыны алғаш тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге, қалған 10 пайызы бас бапкерге табысталады», – деді министр.

Сонымен қатар Олимпиадада күміс алғандарға 150 мың, қола медаль иелеріне 75 мың доллардан беріледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер