Қара шай: пайдасы мен зияны

12193
Adyrna.kz Telegram

«Сарайыңды ашатын, шаршағанды басатын, шай болмайды ғаламда, самаурынның қара шайынан асатын», дейді қазақ. Шай – қазақтың сүйікті сусыны. Алайда, біз күнделікті ішіп жүрген шайдын пайдасы мен зиянын білесіз бе?! Онда «Адырна» порталының мына мақаласын толық оқыңыз.

Шай - мидың белсенділігін арттырады

Қара шайдың құрамында мидың жұмысын жандандыратын және есте сақтау қабілетін жақсартатын амин қышқылы - L-теанин бар. Сондай-ақ, сергітетін кофеин де кездеседі. L-теанин мен кофеиннің үйлесуі миға жақсы әсер етіп, сананың толық айқындық сезімін тудырады. Ұйқының орнына жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Кофе мен шайдың айырмашылығы - кофе бірден қуаттандырады, бірақ бұл әсер бірнеше сағаттан кейін жоғалады. Қайта сергу үшін сізге тағы бір шыныаяқ кофе керек. Осылайша кофеинге тәуелділік пайда болады. Ал қара шай жұмсақ, серпіліссіз қуаттандырады. Баяу, бірақ денеге қауіпсіз әсер береді. Бұл - бір тәулікке арналған энергияның кепілдендірілген өсімі.

Жапондық және британдық ғалымдар тұтынылатын амин қышқылының мөлшері мен адам миының альфа-толқындарының белсенділігі арасындағы тікелей байланысты анықтады. Зерттеулер көрсеткендей, миға қара шайдың пайдасы орасан зор. 50 мг L-теанин (шамамен үш кесе шай) мидың жұмысын мүмкіндігінше арттырады.

Сонымен қатар, тыныштық пен релаксация жағдайына да L-теанин жауапты. Іріктемелі зейін шыңдалады, бұл фондық тітіркендіргіштерге алаңдамай, маңызды бөлшектерге назар аударуға мүмкіндік береді.

*дерек: Шерлок Холмс сүтті қара шайды жиі ішетін болған

Иммунитетті көтереді

Қара шай құрамындағы танин, антиоксидант рөлін атқарады, бос радикалдардың зақымдануын азайтады, демек, ағзаның қартаюын бәсеңдетіп және иммундық жүйені нығайтады. Орташа қайнатылған шай суық тиген кезде температураны төмендетеді.

Бірақ қара шайдың ағзаға зияны да болуы мүмкін. Суық тиген кезде қатты шай жапырақтарын ішу дене температурасын одан сайын жоғарылатуы мүмкін. Одан көрі, лимонмен әлсіз шай ішкен дұрыс, сонда сіздің иммунитетіңіз вируспен белсенді күресе бастайды.

Денені тазартады

Шай жапырақтарында радиоактивті заттарды сіңіретін және оларды организмнен шығаруға көмектесетін фенолдар бар.

Қара шай сонымен қатар тамырларды токсиндерден тазартады, олардың қанда пайда болуына жол бермейді. Жүректің жұмысын қалыпқа келтіріп қан тамырларының қабырғаларын нығайтады және қан айналымын жақсартады.

Ұзақ өмір сыйлайтын сусын

Құрамындағы С, Е, D, ниацин және йод дәрумендерінің арқасында қара шай ұзақ өмір сүру сусыны ретінде танымал болды. Күніне бір кесе шай терінің күйін және жалпы әл-ауқатын жақсартады.

Жапонияда күні бүгінге дейін «қара шайдың не қажеті бар» деген сұраққа олар, «бұл ауруларды емдеп, өмірді ұзартатын даналықтың дәрісі» деп жауап береді.

Шай инсулиннің өндірісін көбейтеді, соның арқасында бақыт пен қуаныштың гормоны - серотонин көбейеді. Бір кесе дәмді қытай шайы стресстік жағдайдан кейін тезірек тынышталуға көмектеседі. Тибет монахтары неге соншама сабырлы және ақылды деп ойлайсыз?! Әрине, шайдың арқасында.

Любимый чай тибетских монахов

Зат алмасуды қалыпқа келтіреді

Шай ішек микрофлорасын қалпына келтіреді, метаболизмді реттейді, асқазан сөлінің түзілуіне көмек береді. Егер сіз шайды дұрыс қайнатып, оны мөлшермен ішсеңіз, денсаулығыңызды едәуір жақсартуға болады.

Сіз білуге ​​тиіс шай туралы фактілер

  • Күніне 3 кеседен артық шай ішпеңіз. 4 кесе қанық шай ас қорыту жүйесін қоздырмайды, тек тітіркендіреді. Сонымен қатар, жүрек пен қан тамырларының шамадан тыс қозуы пайда болуы мүмкін. Қатты қара шай қысымды күшейтеді.
  • Ұйықтар алдында шай ішпеңіз. Шай ұйқыны қашырады.
  • Жүкті әйелдерге құрамында кофеин болғандықтан қара шайды көп ішуге болмайды. Күніне бір кесе жеткілікті болады.
  • Дәрілік заттарды шаймен бірге қабылдауға болмайды. Шайда 200-ден астам биологиялық белсенді заттар бар, олар дәрі-дәрмектермен әрекеттесуі бек мүмкін.
  • Қайнатқаннан кейін бір сағат немесе одан да ұзақ тұрған шай ішпеңіз.

Түйін: күніне ең көп дегенде 3 кесе орташа қайнатылған қара шай ішіңіз, тек одан артық емес. Деніңіз сау, әрі қуатты болсын!

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер