Вакцина құжатын сатып алып жатқандар көбеюде

2531
Adyrna.kz Telegram

Вакцина құжатын сатып алып жатқандар қатары көбейді. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Саудагерлер, тіпті клиенттердің көптігіне байланысты барлық өтініштерді өңдеуге үлгермей жатқандарын мәлімдеді. Бағалар – 30-дан 40 мың теңгеге дейін, бірақ төлем рубльмен және биткоиндермен қабылданады. Өйткені деректерді eGOV-қа енгізу қажет. Бұл ретте 50% алдын ала төлем мен барлық құжаттардың көшірмесін сұрайды. 

Полиция олардың алаяқтар екенін ескертеді. Олар ақша жымқырып, құжаттарыңызға несие рәсімдейді. Полиция оларды бақылау мүмкін емес екенін айтады.

“Жалған вакцинация төлқұжаттарын өткізген жағдайда, адамдарға ҚР ҚК 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі адамдар екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін. Жалған құжатты пайдаланғаны үшін осы баптың үшінші бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, оны жасағаны үшін кінәлі 40 тәулікке дейін қамауға алынады”, – деді ШҚО ПД анықтау басқармасының бөлім басшысы Шәміл Жанлосанова.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер