Ас үйдегі жаңа техникалар

2130
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Әлем қарқынды дамыған уақытта, біз күн сайын жаңарып жатқан техникаларды көріп үлгере алмай жатырмыз. Әр жылы шыққан жаңа технологияны бағасына қарамай-ақ сатып алғымыз келетіні рас.  Себебі ол құрылғылар адамның жұмысын жеңілдетуге арналған.

Соңғы  жылдары ас үйдің ханшайымдарына арнап, жаңа үлгідегі роботтар жасалды.  Бөлменің шаңын тазалағанда мұқият болу үшін, сымсыз шаңсорғыш ойлап табылған.

Ендеше тағы қандай технологиялар сізді таңқалдыратынын көрейік. Соңғы жылдары сатылымға шыққан өнертапқыштардың жұмысымен танысамыз.  Көптеген компаниялар жаңа технологияларға байланысты халыққа ыңғайлы болатын түрлерін қарастырып, өз нұсқаларын ұсынып келеді.

Сымсыз шаңсорғыш мотордың жаңа технологиясымен жабдықталған, ол ыңғайлы әрі мұқият тазалауға мүмкіндік береді. Аккумулятордың әр заряды 40 минут жұмыс істейді, ал сізде кілемдер тазарту кезінде жақсы жұмыс істеу үшін MAX қуатына ауысу мүмкіндігі бар. Сымсыз шаңсорғышта шаңды, қоқыстарды және ірі бөлшектерді бөліп, ұстап тұратын қуатты циклонды сүзу жүйесі де орналасқан. Сымсыз болғандықтан үйді тазалағанда сізге қиындық туғызбайды.

Құрылғы жұмыс істемей тұрған кезде , жеңіл түрде үстелге  тіреп қойсаңызда   ыңғайлы болады. Машинада бұрылыс рульі және төмен профильді жетек бар, ол сізге бөлмедегі қуыс-қуыс бұрыштардағы қалдықтарды жинауға көмектеседі. Сондай шаңсорғыштың бір түрі «Робот Шаңсорғыш» - деп аталады.

Бұл құрылғы тіптен уақытыңызды үнемдейді.  Себебі өзі еден жуады, өзі шаң сүртеді. Сіз тек  қосып қойсаңыз жеткілікті.  Бұл шаңсорғыш 2000 жылдардан бастап сатылымға шыққан. Бір қызығы құрылғының жасалуы мақсаты, адамдарға еш зақым келтірмеуі тиіс болған. Соның негізінде жасалыпты. Бұл роботты «әлеуметтік роботтар» - деп атаған. Өндіруші компаниялар жыл сайын өзгертіп, бағдарламасын жаңарту үстінде.

Үйдің шаңы сүртіліп, еден жарқырап тұрған соң , Ас үйге кіріп тамақ жасаудың қажеті жоқ . Себебі сізге көмекке тағы робот келеді.

"Робототехника Моли" британдық компаниясы  Германияда өткен  Ганновер технологиялар жәрмеңкесінде  робот-аспаздың  прототипін  ұсынған.  Робот-аспаз  жылдам қозғалатын екі қолдан тұрады,  оларды ас үйдің төбесіне  орналастырады. Күрделі құрылғы  адамның қимылдарын 3D жазып алады, сосын  сол бойынша қимылдарды қайталай отырып, өз жұмысына кіріседі.

Қазіргі жасалып жатқан технологиялар бізді таңқалдырып келеді. Адамның жасағанын робот жасайтын уақыт келген сәтте, көптеген адамдар жұмыссыз қалатын сияқты.  Тіпті мамандықтар тізімі  біраз сатыға қысқаратындай.

Айсауле Кенесова

 

Пікірлер