"Ертең Нұр-Сұлтанда қызық болады": қаруы бар жас жігіттің жазбасы елордалықтардың үрейін тудырды

4345
Adyrna.kz Telegram

23 жастағы елорда тұрғыны әлеуметтік желіге қарумен түскен суретін жариялап, тұрғындарды шошытты. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ер адамның ВК әлеуметтік желісіндегі жазбалары қолданушыларды үрейлендірді. Суреттердің бірінде автор қаруланған әскери формада болды. Ол өз жазбасында «Ертең Нұр-Сұлтанда қызық болады» деген сөздер қалдырды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жазба мен сурет авторы - Астана қаласының 23 жастағы тұрғыны.

«25 маусымда» ВКонтакте «әлеуметтік желісінің қолданушысы өз парақшасында қару-жарақпен фотосуреттерді жариялады. Жас жігіт әскери форма киген. Сонымен қатар, 102 каналына қала тұрғынынан, оның ұлына әлеуметтік желідегі белгісіз адамнан қарумен түскен суреттер келіп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Қаруы бар адамның суретінің астында «ертең елордада қызық болады» деген хабарлама бар, деп түсіндірді Нұр-Сұлтан полиция бөлімінде.

Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді.

«Жас жігіттің айтуы бойынша, ол страйкболды жақсы көреді және бұл жазбаны өзінің ВКонтакте желісіндегі парақшасында жазылушылардың санын көбейту мақсатында жазған, іс шеңберінде атыс қаруына тиесілігін анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды», деді полиция.

Кейінірек тәртіп сақшылары баллистикалық сараптама қорытындысы бойынша бұл қару страйкбол ойнауға арналған деп толықтырды.

Полиция қаруды заңсыз алу, беру, сату және сақтау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер