Сирияда көтерілісшілер Асад армиясына қарсы шабуылға шыққан. Сөйтіп олар Алеппо қаласын алып, оның айналасында 13 елді мекенді басып алған. Оған басты себептердің бірі Ресейдің өз армиясын Сириядан украин майданына алып кетуі болған. Әрі Израиль Иранның Сириядағы топтарын талқандағаннан кейін Асад армиясы жалғыз қалған. Сол сәтті сәтті пайдаланған көтерілісшілер шабуылға шыққан.
Путин Астанада жүргенде оған Сирия президенті Асад ұшып келіп оны Мәскеуде күтіп отырған. Сондағысы - Сириядағы орыс әскерін кері қайтар дейді. Бірақ мұнысының орындалуы екіталай, өйткені кәзіргі кезде Путин үшін ең маңыздысы Украинадағы соғыс. Ол тіпті Курск обылысынан украиндарды қуып шығу үшін шығыс майдандағы әскерлерін де алып кетпей отыр.
Курскіні күшейту үшін Калининградтағы әскерлерін де алып кеткен, сөйтіп НАТО қоршауындағы жерлерін ашық-шашық қалдырып кетіп отыр. НАТО-ның шабуыл жасамайтынын біледі сволыш, тек ауызбен ғана НАТО-мен соғысып жатырмыз деп айтады, мұнысы Украинаға шабуылын ақтау үшін айтып жүргені өзінің. Ол ең болмағанда Трамптың инаугурациясына дейін ешқандай да әскерін қозғамайды, Сириядағы әскері де осы Украинаға қарсы жұмылдырылған. Яғни Асад құр қол қайтады. Тап кәзір Путин үшін Сириядан да Украина маңызды.
Қуаныш Еділханов