Түркияда мыңдаған адам қатысқан ЛГБТ шеруі күшпен таратылды (видео)

1782

Түрік полицейлері Стамбұлдағы мыңдаған адам қатысқан ЛГБТ шеруін күшпен таратты. Олар демонстранттарды жас ағызатын газбен қуған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Биліктің митингті тоқтату үшін жасаған әрекеттері мен өтініштері нәтижесіз болғаннан кейін тәртіп сақшылары арнайы құралдарды қолдануға мәжбүр болды.

Жергілікті БАҚ полиция қызметкерлері гейлер шеруіне кемінде 20 қатысушыны ұстады деп мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін ел билігі гей шерулердің өтуіне бірнеше рет тыйым салған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы