Әлемдегі ең бай мемлекеттер

3277
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Әлемде сарапшылардың айтуы бойынша, 196-ға жуық тәуелсіз мемлекет бар  екен. Әрине, барлық мемлекеттердің жағдайы бір емес. Осыған байланысты мемлекеттердің бай қуатты болуы, экономикалық жағдайға, халықтың әл-ауқатына, тіпті жалақысына әсер етеді. Әдетте дамыған мемлекеттер сатысына табиғи ресурстар қоры мол немесе мықты  дамыған технологиялық экономикасы әлемдік деңгейге жеткен мемлекеттер кіреді. Мұндай мемлекеттердің өмір сүру стандарттары өте жоғары болады. Халықаралық валюта қорының ресми деректері бойынша, жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін ескере отырып,  2021 жылы әлемдегі ең бай 10 елдің рейтингін анықтады.

Люксембург

2021 жылы барлық мемлекетті басып озып, әлемдегі ең бай ел атанған – Люксембург Ұлы Герцогтігі. Ресми тілі: Люксембургтік тілі, Француз, Неміс тілі. Онда шамамен 631,8 мың адам тұрады. Халықтың басым бөлігі 73,2% христиан дінінде, 2,16% ислам дінін ұстанады. Ақша түрінде евро валюта қорын қолданады. The Люксембург экономикасы банк, болат және өнеркәсіп секторларына тәуелді. Люксембургтықтар жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің әлемдегі ең жоғары деңгейіне ие. 2013 жылы ЖІӨ 60,54 млрд долларды құрады, оның ішінде қаржы секторын қосқанда қызметтер 86% құрайды. Қаржы секторы ЖІӨ-нің 36%, өнеркәсіп - 13,3%, ауыл шаруашылығы - 0,3% өсіміне жетті. Сонымен қатар бұл мемлекетте туризм, телекоммуникация, ғарышты игеру жан-жақты дамыған.

Сингапур

Қала атауымен қоса аралы да бірдей аталатын Сингапур, бүгінгі таңда әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарынан табылады. Халық санағы бойынша, 5 миллион адамды құрайды. Ұлттық құрамы Сингапур халқының 77 % - ы қытайлықтардан, 14 % - ы малайзиялықтардан, 8% - ы үнділіктерден тұрады. Бұл мемлекет мұнай өңдеу бойынша үшінші орында, жартылай өткізгіштер өндірісі бойынша төртінші орында. Сингапур қаласының порты - жүк айналымы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Елде туризм, жоғары технологиялар мен инновациялар, медицина және банк секторы белсенді дамыған. Ал тағы бір таңғаларлық дерек, ұлттық тағамдары бойынша жапон асханасынан кейін екінші орында екен.

Катар

Әлемдегі ең бай елдер рейтингінде үшінші орынды Катар алады. Мемлекет Таяу Шығыста Сауд Арабиясы, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірлігінің жанында орналасқан. Катардың халқы шамамен 2,9 миллион адамды құрайды. Катаре мемлекетінің ұлттық құрамы, Пәкістандықтар 18%-ы, Ирандықтар, 10 %-ын құрайды. Ресми тілі: Араб және кеңінен қолданылатын ағылшын тілі болып саналады. Табиғи   газ экспорты бойынша 6- орынды иеленеді, газ қоры бойынша  3-орында. Экономикалық өсу мен жергілікті тұрғындардың әл-ауқаты ең алдымен, мұнай мен табиғи газ экспортын қамтамасыз етеді. Табиғи ресурстардың арқасында инфрақұрылымды құруға мүмкіндік алып отыр. 2022 жылы  Катар футболдан әлем чемпионаты өтетін  алғашқы ел болып отыр.

Швейцария

Швейцария - таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі таулары аумағында орналасқан. Швейцария - өмір сүру деңгейі өте жоғары және экономикасы өркендеген әдемі еуропалық елдердің бірі. Мемлекеттің саяси және әскери бірлестіктері  әлемге әйгілі. Әлемнің әртүрлі елдерімен сәтті сауда мен өзара тиімді қатынастардың дамуына ықпал етеді. Швейцария халқы 8,7 миллион адамды құрайды. Іс жүзінде әрбір швейцариялық азамат туған елінің мәдениеті мен дәстүрін аса құрметтейді. Экономиканың негізі  банк секторы және жоғары технологиялық сапалы өнім. Швейцария — жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылығы бар мемлекет. Швейцария дүние жүзінде капиталды шеттен тартудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Щвейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. Өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі трансұлттық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Щвейцария туризм мен өз аумағы арқылы өткізілетін транзиттік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары — машина жасау мен металл өңдеу, химия, тамақ өнеркәсіптері.

Батес Мәлікқызы

 

Пікірлер