Белгілі ғалым Анар Фазылжан сахна тілі жайлы пікірін білдірді

2356
Adyrna.kz Telegram

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжан 4 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше) өтетін «Алатау студиясында» халықаралық онлайн кездесуінің қонағы болды (Тақырыбы: Тіл және қоғам).

Сұхбаттың модераторы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің басшысы, PhD докторы Қуаныш Жұмабекұлы Анар Фазылжанға төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Жақында «Бір жыл» деп аталатын жазбаңыз Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.
1 жыл бұрын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры ретінде жұмысқа кіріскеніңізде, оған мен де куәмін, Институт бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 3 жылдық ғылыми-зерттеу жобасын аяқтағалы отырды.
Жоба бойынша латын әліпбиі негізіндегі коммуникацияға нормативтік база болатын (1. Латын графикасы негізіндегі жаңа Қазақ тілінің үлкен орфоэпиялық сөздігі; 2. Топонимдік сөздік; 3. Қазақ тіліндегі өзге тілді ономастикалық атаулардың анықтамалығы; 4. Жаңа ұлттық әліпбиде кірме терминдерді транслитерациялау және транскрипциялау қағидаларының анықтамалығы және т.б. тұратын) 19 түрлі лингвистикалық өнімнің қолжазбасы әзірленуі тиіс еді.

Ұжым болып жұмыла атқарған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі уақытта бұл өнімдер жаңа әліпбидің бектілігенін күтіп тұр және қолжазбалары әзір.

Институтта атқарылған, сондай-ақ алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстарды айта келе, жазба соңында:

«Ең басты жетістік – емле ережесі, анықтағышы, тұжырымдамасы сөздігімен, яғни ғылыми базасымен қоса жасалып, ғылыми негізделген жетілдірілген әліпби жобасы Үкімет жанындағы Ұлттық комиссияда мақұлданды. Саяси шешім деңгейіне жеткізілді», – дедіңіз.

Қарап отырсақ, тіліміз бойынша тағдыршешті саяси трансформация кезеңінде Тіл білімі институтының басшысы болып отырсыз.
Институт басшысы ретінде, ғалым ретінде сіздің көзқарасыңыз маңызды.

Анар апай,
елімізде қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі бойынша консенсус қалыптасты деуге негіз бар.

Ал шешуші кезеңдегі, яғни жаңа әліпбиді қолданана бастағандағы ендігі серпіліс қандай деңгейде болады деп ойлайсыз?

2) 1 жыл ішінде заманауи форматтағы бірнеше лингвистикалық алаң іске қосылғанын атап айтқан жөн:

1) Ахмеди Ысқақов, Ербол Жанпейісов, Құлмат Өміралиев, Шора Сарыбаев, Нығмет Сауранбаев, Өмірзақ Айтбаев, Жамал Манкеева сияқты өз мектебін қалыптастырған тілтанушы ғалымдарға арналған дөңгелек үстелдер өткізілді.

2) Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын зерттеуге, жаңа тілтанымдық ізденістерді апробациялауға арналған «Ахмет оқулары» алаңы іске қосылды.

3) Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерге эмпирикалық база жинауға арналған «Тіл және қоғам» алаңы қолға алынып жатыр.
Осы алаңдар Институт ұжымының бірлігі мен қажырлы еңбектерінің арқасында жұмыс істеп тұр.

«Жақсы сөз – жарым ырыс, жақсы ниет – бүтін ырыс» дейді ғой. Елім деген кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға.

Аталған үш бағыттың маңыздылығына және осыларды одан әрі дамыту үшін тағы да не істеуге болады, соларға тоқтала кетсеңіз.

3) Өзіңіз білесіз, елімізде «Тіл туралы» заң бар. Сондай-ақ 2019 жылғы 31 желтоқсанда Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қанат қақты. Атауларына қарасақ, екеуінде де «Мемлекеттік тіл» деп нақты көрсетілмеген.
«Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдау керек екені айтылып келеді. Осы тұрғыда пікіріңізбен бөліссеңіз.

4) Актердің басты мақсаты – дауыстың дұрыс әуезін қалыптастыру, образды тіл техникасы арқылы сомдау, сондай-ақ сауатты сөйлеу.
Актерлік шеберлік іліміне сүйенсек, сөз – актердің сахнада қолданар ең басты қаруы.

Актер үшін сөздерді дұрыс айту нормасын, тілдегі сөздердің жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтарды білу аса маңызды.
Сахна тіліне қатысты ойыңызды білдірсеңіз.

5) Сіз үшін ұлтшыл адам кім? Осымен қорытындыласақ.

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар!

Пікірлер