Атырауда жаңа бөбекжай ашылды

2217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/whatsapp-image-2021-06-01-at-14.48.23-2.jpeg
1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Водников елді мекенінде жаңа бөбекжай-бақша ашылды.
Ашылу салтанатындағы лента қию рәсімі облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен «Теңізшевройл» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевке ұсынылды. 280 орындық бөбекжай-бақша «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
- Облыс бойынша 5 жыл ішінде 50 балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Биыл өңірде 11 мемлекеттік балабақша қолданысқа беріледі. Солардың бірі - Водников елді мекенінде орналасқан «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасы. Мұнда балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасалған. Ұжымға балаларды тәрбиелеу ісінде табыс тілеймін, - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтың мәлімдеуінше, Водников елді мекенінде келесі жылы 600 орындық мектептің құрылысы басталады деп жоспарлануда
Комментарии