Қазақстанда карантин қайта күшейтілетін болды

1596
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 22 маусым күні премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Олар Қазақстанда карантиндік шектеулер күшейту туралы шешім шығарды. Бұл туралы primeminister.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Нұр-Сұлтандағы «Дельта» («үнділік») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ведомствоаралық комиссия бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:

- COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу);

- КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу);

- «Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу);

- «Ashyq» жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер