Он мыңдаған адам: Ресейдің тынысы тарылуда...

4751
Adyrna.kz Telegram

Ресейде коронавирустың өршуі арта түсті. Он күн бұрын күндік жұқтыру статистикасы 7-8 мың арасында болса, қазіргі уақытта ол 17-19 мыңға дейін жетті. Ресейдегі вакцина қабылдаудың қарқынына қарамастан жағдайдың күрт нашарлауы тоқтар емес. 

Ресейдің 13 аймағы "қызыл аймақ" қатарына енді. Тек қана Ингушетия мен Якутия "жасыл аймақ" қатарында тұр. Алайда ол ұзаққа созылмайды дейді мамандар. Алдағы аптада аталмыш екі аймақта да жағдай күрт нашарлауы мүмкін.

Вирус жұқтырудан Мәскеу, Хабаровск, Тыва, Амур, Хакасия, Киров, Коми, Бурятия, Ненец, Чукотка аймақтары көш бастап тұр. Бұл аймақтағы  вирус жұқтыру индексі 1,2-ге тең. Сарапшылар жағдайдың тамыз айына дейін тұрақталуы қиын дейді. Себебі вакцина алғандар саны пайыздық негізде аз, ал халықтың өз еркімен алуға ниеті жоқ. Сондықтан вирустың тарауы артпаса кемімейді деген болжамдар айтылуда. 21 маусымда Ресейде 17378 адамнан вирус анықталған. Бір күннің ішінде 440 адам індеттен көз жұмған. Жалпы пандемия басталғалы бері Ресейде 5334204 адам вирус жұқтырып, 129801 адам қайтыс болған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер