Ресей-Украина шекарасы: АҚШ Украинаға көмек жарияламақ

2723
Adyrna.kz Telegram
фото: RT
фото: RT

Америкалық әкімшілік Ресей мен Украина шекарасындағы жағдай ушығып кеткен жағдайда Киевке резервтік көмек дайындайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы RT-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы жұмада Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің жазбаша хабарламасында айтылған.

"Өткен аптада АҚШ-Ресей саммиті қарсаңында біз 150 миллион доллар көлемінде қауіпсіздікке көмек пакетін ұсындық. Енді біз Украинаның қауіпсіздігіне көмек көрсету бастамасының шеңберінде Конгресс бөлген барлық соманы бердік", деп хабарлады Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки жазбаша мәлімдемесінде.

Ол Украинаның Ресейге басып кіруі жағдайында Ақ үй резервтік қор дайындағанын баса айтты.

Псаки сонымен қатар АҚШ «Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын бұлжытпай қолдайды» деп атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер