Қандай шай өмір жасын ұзартады?

755

Ғалымдар шайдың ең тиімдісі - ройбуш, түймедақ және жасыл шай деген тұжырымға келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дәл осы сусындардың адам ағзасына тигізетін пайдасы көп, оның ішінде өмір жасының ұзаруы мен жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алады.

Ройбуш антиоксиданттарға бай. Бұл жүректің қалыпты жұмысын арттыруға, қатерлі ісік, қант диабетінен сақтап, қабынумен күреседі. Сүйектерді нығайтады, сонымен қатар, қартаю процесін бәсеңдетеді.

Түймедақ шайы. Антиоксидантты және бактерияға қарсы қасиеті бар түймедақ шайы адамды тыныштандырып, демалдырады. Адам жаны тыныш болса, өмір сүру уақыты да ұзаратыны сөзсіз.

Техас Университетінің 60 жастан асқан 1677 адамға зерттеу жұмысы жасалды. Яғни, осы шайды ішіп жүргендермен салыстырғанда. бұл адамдарда шаршаңқылық, аурушаңдық белгілері көп байқалған.

Жасыл шай. Бұл шай жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Адамның басты ағзасының бірі жүрек өте жақсы деңгейде жұмыс істесе, өмірі ұзақ болады. Атап айтқанда, жасыл шай ішу жалпы холестерин мен қан қысымын төмендететіні анықталды.

Дайындаған: Інжу ӨМІРЗАҚ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар