Ағаш отырғызуға 82 миллиард теңге бөлінбек

2544
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2 миллиард ағаш отырғызу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Жоба республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттен де қаржыландырылатын болады. Оның 22 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 60 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінеді. Тиісті техника мен жабдықты сатып алуға қаражат қажет", - деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұл ақшаға тракторлар, отырғызу машиналары, қопсытқыштар сатып алынады. Көгалдандыру материалын өсіруге арналған питомниктердің аумағы ұлғайтылды.

"Биылғы көктемде 21 600 гектар аумаққа 81 миллион 500 мың ағаш отырғызылды. Күзгі отырғызу 48 миллион 200 мың ағашты құрайды. Жыл сайын отырғызылатын ағаштардың саны өседі. Сонымен, келесі жылы шамамен 244 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. 2023 жылы - 411 миллион, 2024 жылы - 573 миллион, 2025 жылы - 643 миллион ағаш", - деді ол.

Министрлік сексеуіл, қарағай, үйеңкі, қарағаш және қайың ағаштарын отырғызуды жоспарлап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер