Түркістанда ағаштар бүршік жара бастады

1102
Adyrna.kz Telegram
Фото: Нахып Шынтемиров
Фото: Нахып Шынтемиров

Түркістан қаласында ағаштардың бүршік жара бастағаны фотоға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Бұл ерекше құбылысты фотограф Нахып Шынтемиров Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ аумағында түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті. Суреттерде ағаштардың көктемнің алғашқы белгілері іспетті көгергенін көруге болады.

Жазба оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбірі "үсіп қалатын болды" деп алаңдаса, өзгелері қаңтардағы бұл көрініске таңданыс білдіріп, "Әдемі көрініс!" деп пікір қалдырды.

Автордың айтуынша, сирень ағашының бүршіктері үсікке төзімді келеді және қайта қалпына келе алады. Бұл ағаш 25-35 градус аязға шыдай алатындығы атап өтілді.

"Сырдария-Түркістан" өңірлік табиғи паркінің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек бұл табиғи құбылыс екенін айтты.

"Күн жылынғанда ағаштардан сөл бөлініп, бүршік жара бастайды. Алайда, қайтадан күн суытқанда ағаштар бұл процесті тоқтатады. Оңтүстік өңірде қыс биыл жылы болып тұр, бірақ күн әлі де салқын, жерде қар бар," – деп түсіндірді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Пікірлер