Алматыда көпқабатты үйдің ауласында тұрған көліктердің үстіне шіріген ағаш құлап, көліктер бүлінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Үш автокөлік бүлінген. Оқыс оқиға түскі уақытта болды.
Ағашты кесу барысында көліктердің үстіне құлаған. Абырой болғанда оқыс оқиғадан тұрғындар зардап шеккен жоқ.
Аудандағы ағаштарды кесу жұмыстары мемлекеттік сатып алу негізінде жеке мердігерге тапсырылғаны анықталды. Бірақ құлаған тал апаттық ағаштар тізіміне енбепті.
«Автокөліктерге келтірілген шығынды өтеу үшін көлік иелеріне сот органдарына жүгіну ұсынылады. Сот кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапкершілікті тағайындайды. Егер сот шешімі зардап шеккен тараптың пайдасына шықса, мемлекеттік органдар туындаған шығынды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті», - деді Әуезов ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің бас маман Зәуре Қалпенова.