CNN: Араб елдері ұйғырларды Қытайға беруде

11226
Adyrna.kz Telegram

Араб елдері Қытай билігі қудалауға ұшыратқан ұйғырларды Бейжіңге беруде деп жазады батыстық БАҚ өкілдері. Олар ұйғырлардың көпшілігі Қытай құрығынан өзге елде де құтыла алмайтындығын жазған. Ал ұйғыр мәселесі Қытай мен өзге елдердің арасындағы "саудаласу құралына" айналып кеткені айтылады.  

CNN-нің хабарлауынша Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Египет сияқты елдер ҚХР-ға ұйғырларды жүйелі түрде депортациялайды. Американдық телеарна мұсылман елдеріндегі ұйғырларды Бейжіңнің өтініші бойынша ұстап, экстрадициялайтынын айтты.

Растау ретінде телеарна АҚШ-та тұратын және қудалауға ұшыраған ұйғырлармен болған бірнеше сұхбаттарды, сондай-ақ Сауд Арабиясынан, БАӘ немесе Египеттен аз ұлт өкілдерінің экстрадициясы туралы бірнеше құжаттық дәлелдерді келтіреді.

CNN-нің мәліметінше ұйғырлар Таяу Шығыстағы діни қақтығыстарға байланысты барлық мұсылман елдеріне бара алмайды. Ал көптеген елдер Бейжіңмен экономикалық байланысының жоғары болуына байланысты Қытаймен қақтығысқа түсуді қаламайды. 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер