Дата журналист боламын десеңіз...

570
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Әлемде күн сайын, тіпті сағат сайын жаңа дерек, жаңа ақпарат пайда болуда. Жаңа дерек әр түрлі берілуі мүмкін. Бірі сурет түрінде берілсе, екінші бір дерек сандарды сөйлетеді. Сандар ол шексіз, кез –келген оқиғада орын алған сандық ақпараттардмен жұмыс істегенде қателесіп кетуің мүмкін. Сондықтан осы сандарды саралап, сүзбеден өткізіп, жалпақ тілмен халыққа түсіндіріп жүрген мамандарымыз жетерлік. Олардың таңдаған бағыты дата журналистика, яғни көлемі үлкен ақпаратты зерттеп, анализдеу арқылы оқиға табу, әрбір санның мағынасын ашу арқылы ақпарат тарату. Қазірде қоғамға ауадай қажет және болашағынан көп үміт күттіретін мамандықтардың бірі ретінде бағалануда.

Менің ойымша дата журналист болу оңай емес. Дата журналист болу үшін ұқыптылық керек. Бүгінгі қоғамда интернетті өзен арнасы сияқты, оған жүздеген, тіпті мыңдаған сала арқылы ақпарат құйылып жатыр. Ол ақпараттың қайсысы жалған, қайсысы ақиқат екеніне көз жеткізу керек. Сондықтан дата журналист боламын десеңіз ұқыптылық танытып ақпараттың шынайылығына көз жеткізіп алғаныңыз жөн. Ендігі бір мәселе дата журналист болу үшін шыдамды және кезең – кезеңмен ұйымдастыру қабілетіңіз болуы керек. Бірінші ақпарат жинамас бұрын не туралы жазатыныңызды ойланып, алдымен қаңқасын құрап алу қажет. Келесі кезекте тақырыпқа қатысты деректер жинайсыз, одан кейін оған өзгеріс еңгізесіз, есептейсіз, нәтижесінде сәтті, кезең – кезеңімен ұйымдастырылған дерек пайда болады.  Ал кезеңсіз, ұйымдастырусыз пайда болған дерек болса, ол сапасыз, өтімділігі төмен, жүрісі ұзаққа бармайтын көлік секілді болмақ.  Егер сіздің бойыңыздан жоғарыда аталған қабілеттер бар болатын болса сіз дата журналист болуға бір қадам жақын тұрсыз.

Журналист болу оңай емес, оның ішінде дата журналист болу тіпті қиын. Сауатты жаза алсаң, ұқыпты әрі шыдамды, ізденіске жаның құмар болатын болса, кез – келген деректен, саннан, суреттен оқиға, бейне көріп, оны түрлі бағыт арқылы шешім ұсына алатын болсаң, сонымен қатар инфографика, визуализациялау сынды жаңа форматта беру тәсілдерін жоғарыда аталған қабілеттермен ұштастыра алсаң, сеннен асқан дата журналист жоқ деп ойлаймын. Бірақ та бір адам сауатты жазғанымен жаңа форматтарды игермеуі мүмкін. Енді бір адам жаңа форматтарды білгенімен, жазуға шорқақтау болуы мүмкін. Сондықтан білікті, сапалы дата журналист болу үшін ұзақ тәжірибе мен  100 пайыз еңбек керек. Үйренген, оқыған, ниеті бар адамға қай сала болмасын, жүрегі қалап тұрса, қиындық соқтырмайды. Сондықтан бұл мамандық болашақтың мамандығы деп нық сеніммен айта аламын.

Софья Ахметжанова

Пікірлер
Редакция таңдауы