«Тұрмысқа шығу керек»: Алматылық ару пикетке шықты

4884
Adyrna.kz Telegram

Алматылық Сабина Санбер «Тұрмысқа шығу керек» деген жазуы бар плакатпен бір адамдық пикетке шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кейінірек қыз пикетке шығудағы мақсатын түсіндірді.

«Тұрмыс құру маңызды дейді... Не үшін маңызды? Шынымды айтсам, қазір бұл көпшілік үшін мәселе болып есептеледі. Адамдар некеге отыру қажет болғандықтан ғана шаңырақ көтереді. Қыз 25 жастан асып, әлі тұрмыс құрмаса, қоғам оны «кәрі қыз» деп атап, қысым жасайды. Бұл маған ұнамайды. Менің жасымды естіген кез келген адам әлі тұрмысқа шықпағаныма таң қалады. Одан кейін  «уақыты келді» деген әңгімелер басталады. Бұл сурет арқылы әлеуметтік стандарттарды мазақ еткім келеді, өйткені үйленудің нақты белгіленген уақыты жоқ. Сіз дайын болған кезде және жақын адамыңызды жолықтарған жағдайда ғана неке қидыртуыңыз қажет»,—деді ару.

Сабинаның айтуынша, ол 26 жаста, өзінің жеке компаниясы бар және мінезі де жаман емес.

«Әрбір нәзікжанды өз адамын кездестіргенде міндетті түрде тұрмысқа шығатын болады. Сол себепті бірінші кездесуден-ақ үйленіп кету керек деп араңдатудың қажеті жоқ. Қабылдауыңызды өзгертіңіз»,– деп сөзін қорытындылады ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер