Қара зең Мысырға жетті: Науқастар көзінен айырылады

1096

Мысырда жеті адамның мұрынына, көзіне және тыныс алу органдарына әсер ететін қара зең диагнозы қойылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл аурудың Үндістаннан бастап таралғаны белгілі. Дәрігерлер инфекция миға енбеуі үшін науқастардың көзін алып тастауға мәжбүр. Қара зеңмен ауыратын науқастардың шамамен 60%-ы көзін алғызды.

«Аль-Ахрам» басылымы елдің солтүстігіндегі Заказик университетінің ректоры Осман Шаалян қара зең ауруы Мысырда да анықталғанын айтты деп жазған болатын.

«Жұқтырған үш адамға қара зеңмен зақымдалған мүшелерді алу операциясы жасалды, біреуі ауыр халде, қалғандарының жағдайы тұрақты», - деді университет ректоры.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазірдің өзінде Үндістанда 11 000-нан астам қара зең ауруы анықталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы